Хоккейден Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионаты аясындағы үшінші кездесуін өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Юрий Михайлис шәкірттерінің кезекті қарсыласы Швейцария құрамасы болды.

Бұл ойында Қазақстан хоккейшілері 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы үшінші жеңілісі. Бұған дейін олар Дания (9:1) және Франциядан (2:1) жеңілген еді.