Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов жақын арада «Мақтаарал» ФК-ның спорт директоры қызметіне кіріседі.

Еске салайық, Талғат Байсуфинов «Ақсу», «Ертіс» және «Ақжайық» сынды клубтарды жаттықтырған.

2020 жылдың желтоқсанында ол ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 8 кездесу өткізіп, үш рет тең түсіп, 5 рет жеңіліс тапқан.