«Хайруллин Live» телеграм-каналы елордалық «Барыстың» қақпашысы Йони Ортио командадан кетуі мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыстың» қақпашысы Йони Ортио XB-71-ге ауыса алады», - деп жазды ресурс.

XB71 швед клубы. Швеция чемпионатының жоғарғы дивизионы Швед элиталық сериясында ойнайды.

Айта кетейік, 31 жастағы қақпашы Ортио қазақстандық клуб сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Жақында фин Қазақстан азаматтығын алғанымен, ұлттық құрамамен әлем чемпионатына бармады.