Футболдан Қазақстан чемпионатының 11-туры аясында өткен «Тараз» - «Ақжайық» матчының алдында ҚПЛ-дың сәуір айындағы үздік ойыншысы Бауыржан Байтана марапатталды, деп хабарлайды Prosports.kz.Чемпионат клубтарының капитандары мен бас бапкерлері қатысқан айдың үздік ойыншысын анықтауға арналған сауалнаманың қорытындысы бойынша Байтана топ жарды.- Мұндай марапатқа ие болу мен үшін үлкен құрмет. Саған дауыс бергендердің бәріне алғысым шексіз. Енді бұл марапат мені жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады. Әрине, біз бірге жұмыс істейтін барлық командаластарыма, бапкерлер штабына және клуб басшылығына алғысым шексіз. Олардың қолдауысыз бұл марапатты алу қиынға түсер еді, - деді Бауыржан ҚКФЛ баспасөз қызметіне.