Ыстамбұлда (Түркия) өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір спортшымыз жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жайна Шекербекова ширек финалда италиялық Елена Савчукті төрешілер шешімімен жеңіп, келесі кезеңге шықты.

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова жартылай финалға жолдама алған.