«Ордабасы» шабуылшысы Луис Гедеш «Шахтерге» қарсы матч (1:0) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншының пікірін шымкенттік клубтың баспасөз қызметі жариялады.- Бұл матч бізге қиынға соқты. Жеңіліске қарамастан, ойын тең деңгейде өтті деп ойлаймын және жеңімпазға бүгін бір гол да жеткілікті болар еді. Өкінішке орай, бұл голды қарсыластарымыз соқты. Бірақ біз еңсемізді түсірмей, келесі ойынға тыңғылықты дайындаламыз.