Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы әлем кубогының суперфиналына қатысады.

Аталған байрақты бәсеке 20-22 мамыр аралығында Грекия астанасы Афины қаласында өтеді.

Бас бапкер Әлия Каримова бастаған Қазақстан құрамасы сапынан суперфиналға 15 спортшы өнер көрсетеді.

Олар: Наргиза Болатова, Айгерім Құрманғалиева, Карина Абдулина, Ксения Макарова, Этери Какутия, Анна Павлецова, Юлия Рогалева, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова, Жәния Жиенғазы, Арина Пушкина, Ясмин Тұяқова, Карина Магрупова, Дарина Валиуллина, Эдуард Ким.