Мишкольц – Кекеш тауы (183,7 км) бағыты бойынша өткен «Венгрия туры» көпкүндік веложарысының бесінші, соңғы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Итальяндық Антонио Тибери кезең жеңімпазы атанды, ирландиялық Эдди Данбар екінші, испандық Оскар Родригес үшінші болды. Қазақстандық «Астана» сапынан үздік нәтижені төртінші орын алған Самуэлле Батистелла көрсетті.

Осы Батистелла жарыс қорытындысы бойынша үздік үштікке кірді.