«Тұран» ФК бас бапкері Қуаныш Қабдулов OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 11-туры аясында өткен «Ақсуға» (0:2) қарсы матч туралы пікірін айтты.

- Екі түрлі тайм өткіздік. Бірінші таймда футболшылардан мен қалаған жылдамдық, іс-қимылдарды көре алмадым. Сондықтан үзілісте не жетпей жатқанын түсіндірдім.

Ойынның екінші бөлігінде жеңіс үшін күрескен басқа команданы көрдім. Бірақ, өкінішке қарай, екінші голды жіберіп алдық, - деді бапкер.