15 мамырда Қазақстан құрамасы Финляндияда өтетін шайбалы хоккейден әлем чемпионатында екінші ойынын өткізеді.

Қазақстан Франция құрамасымен ойнайды. Бұл матчты Qazsport телеарнасынан көруге болады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:20-да басталады.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатындағы бірінші ойынында Дания құрамасынан 1:9 есебімен жеңілді.