Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитеті алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Ульшинге қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы 7 мамыр күні Оңтүстік астананың Орталық стадионында өткен Қазақстан чемпионатының 10-туры аясындағы «Атырауға» қарсы ойынның 21-минутында тікелей қызыл қағаз алды.

«Қайрат командасының ойыншысы Ульшин А. Тәртіптік регламенттің 44-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына көрсетілген ережеге қайшы ойыны үшін екі матчқа дисквалификацияланады. Дисквалификация мерзімі 2022 жылдың 12 мамырынан бастап есептеледі», - делінген ҚФФ қарарының мәтінінде.

Андрей Улшин 14 мамырда өткен «Астана» - «Қайрат» матчына қатысқан жоқ. Сондай-ақ ол ел біріншілігінің 12-турындағы «Шахтермен» ойынға да қатыспайды.