Ыстамбұлда өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда ол сербиялық боксшы Снежана Сильковичті 5:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Алуа жартылай финалға шығу үшін үндістандық Ниту Нитумен жұдырықтасады.