ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы премьер-министр, Қазақстан хоккей федерациясының (ҚХФ) басшысы Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғаған жоқ. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ұлан Сарқұловқа «Бұрынғы премьер-министр Асқар Маминге қатысты қылмыс қозғалды ма?» деген сұрақ қойылды.

«Бастапқыда барлық атышулы істерді айтып өткен едік. Бірден айтайын, Асқар Маминге қатысты қазіргі уақытта біздің агенттікте қылмыстық іс жүргізіліп жатқан жоқ», - деп жауап берді Сарқұлов.

Айта кетейік, елдегі қаңтар оқиғасынан кейін Асқар Мамин Үкімет басшысы лауазымынан босатылған еді. Оның орнына Әлихан Смайылов тағайындалды.