Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, швейцариялық Хиль Белен Тайхманмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:4). Екіншісінде Тайхманн есе қайырды – 6:3. Үшінші сетте 7:5 есебі тіркелді.