Қарағандылық «Сарыарқаның» шабуылшысы Сергей Голоднюк ресейлік «Югра» клубымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Югра» түлегі кейінгі үш жылын Қазақстанда өткізді, қарағандылық клуб сапында екі дүркін ел чемпионы атанды.

Айта кетейік, Жастар хоккей лигасында шабуылшы 131 кездесуге қатысып, 89 ұпай жинаған.