Кеше «Тобыл» мен «Ақтөбе» арасында баскетболдан Қазақстан чемпионатының қола жүлдесі үшін кездесулер сериясының үшінші матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында ақтөбелік команда овертаймда 61:66 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, төрт ойынның қорытындысы бойынша сериядағы есеп 2:2 болды.

Шешуші кездесу Ақтөбе қаласында өтеді.