УЕФА баспасөз қызметі 2021/22 жылғы Чемпиондар лигасының финалдық кездесуіне төрешілер тағайындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпиондар лигасының финалында франциялық Клемент Тюрпен бастаған төрешілер тобы қызмет атқарады.

Словениялық Славко Винчич Еуропа лигасының финалында, ал Иштван Ковач (Румыния) Конференция лигасының финалында жұмыс істейді.

Чемпиондар лигасының финалында «Реал Мадрид» пен «Ливерпуль» кездесед (28 мамыр). Еуропа лигасында «Рейнджерс» пен «Айнтрахт» (18 мамырда), Конференция лигасында «Рома» мен «Фейеноорд» (25 мамырда) бақ сынайды.