Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Шымкентте өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Денис ресейлік Александр Шевченкомен дуэтте қазақстандық Дастан Ташбулатов және Тимур Мәуленовті 6-4, 6-1 есебімен жеңді.

Матч 50 минутқа созылды.

Еске салайық, бұған дейін Денис Евсеев Шымкентте өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің жекелей сынында ширек финалға жолдама ала алмады. Екінші айналымда Денис ресейлік Евгений Карловскийден 6-3, 3-6, 2-6 есебімен жеңіліп қалған болатын.

фото: Андрей Ударцев