Ыстамбұлда (Түркия) бокстан әйелдер арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 1/16 финалда ол румыниялық Клаудия Нечитамен кездесті. Карина төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Еске салайық, бүгін Аида Әбікеева 2022 жылғы әлем чемпионатының күндізгі сессиясында, Надежда Рябец кешкі сессиясында өнер көрсетеді.