Бирмингемдегі «Вилла Парк» стадионында «Астон Вилла» мен «Ливерпуль» Англия чемпионатының 33-турының кейінге қалдырылған ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

2:1 есебімен жеңіске жеткен «Ливерпуль» 86 ұпай жинап, Премьер-лиганың көшбасшысы «Манчестер Ситиді» қуып жетті. Бірақ «қалалықтардың» бір ойыны бар – мамырдың 11-нен 12-не қараған түні олар «Вулверхэмптонмен» сырт алаңда матч өткізеді.

«Астон Вилла» (Бирмингем) - «Ливерпуль» (Ливерпуль) 1:2 (1:1)

Гол соққандар: 1:0 - Дуглас Луи (3), 1:1 - Матип (6), 1:2 - Мане (65)