Қазақстандық спортшы Айсамал Сансызбаева Грекияда өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлесіміз 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 252 (112+140) келі көтеріп, үшінші орын алды.

Айта кетейік, бұл салмақта оңтүстік кореялық Пак Хежен 281 (120+161) чемпион атанды. Ал екінші орынды оның отандасы Ким Хен 253 (108+145) иеленді.