«Қайрат» өз алаңында «Атыраудан» ірі есеппен (0:3) ұтылғаннан кейін ашуланған жанкүйерлер футболшылармен сөйлесіп, сәтсіз ойындар жайлы түсініктеме беруді талап еткен, деп жазады Prosports.kz.

«Қайрат. Махаббатым» тобындағы жанкүйерлердің айтуынша, клубтың ресейлік қорғаушысы Виктор Васин жанкүйерлерге дөрекі жауап беріп, жанкүйерлердің ашуын үдеткен. Жағдайға полиция араласуға мәжбүр болды, «Қайраттың» кейбір жанкүйері полиция бөліміне жеткізілді.