«Тараздың» сербиялық бұрынғы шабуылшысы Ненад Адамович белорусиялық «Неманға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ойыншымен келісімшартқа қол қойылды. Серб футболшысы клубпен екі апта бойы жаттығуда, жұмысқа рұқсат алуды күтіп жүр», - деп жазды клуб.

Еске салайық, Ненад Адамович Қазақстанда 2019 және 2020 жылдары «Жетісу» сапында, сондай-ақ өткен маусымда «Таразда» ойнағанымен танымал.