Ыстанбұлда (Түркия) әйелдер арасында өтетін бокстан 2022 жылғы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға бірінші болып Валентина Хальзова шығады. Ол 9 мамыр күні кениялық Лорна Куса Симбимен кездеседі.

Қазақстандық спортшылардың алғашқы жекпе-жегінің кестесі:

9 мамыр

Кешкі сессия

70 келі. Валентина Хальзова — Лорна Куса Симби (Кения)

10 мамыр

Кешкі сессия

48 келі. Алуа Балқыбекова — Приянка Диллон (Канада)

11 мамыр

Күндізгі сессия

52 келі. Жайна Шекербекова — Мелоди Варгас (Пуэрто-Рико)

57 келі. Карина Ибрагимова — Клаудия Нечита (Румыния) / Сабина Суч (Венгрия)

63 келі. Аида Әбікеева — Имане Хелиф (Алжир) Кешкі сессия

75 келі. Надежда Рябец — Бушра Ишилдар (Түркия)

12 мамыр

Күндізгі сессия

50 келі. Назым Қызайбай — Ингрит Валенсия (Колумбия)

54 келі. Дина Жоламан — Мария Мадуэньо Конде (Испания)

60 келі. Римма Волосенко — Шона Уитуэлл (Англия)

Кешкі сессия

66 келі. Дариға Шәкімова — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

13 мамыр

Кешкі сессия

81 келі. Гүлсая Ержан — Олеся Крысюк (Украина)

+81 келі. Ләззат Күнгейбаева — Шеннур Демир (Түркия).

Айта кетейік, Ыстанбұлдағы Әлем чемпионаты бүгін басталады. Финалдық кезең 19-20 мамырда өтеді.