«Астананың» жартылай қорғаушысы Жереми Манзорро «Ордабасымен» өткен кездесуге қатысты пікірін білдірді. – Біз үшін қиын матч болды, оның үстіне ауа-райының ыстық болуы да өз әсерін тигізді. Біз бірінші таймды жақсы өткіздік, ал екінші таймда кей сәттерде қарсылас басымдыққа ие болды, дегенмен біз өзімізге келген мүмкіндіктерді пайдаланып, маңызды жеңіске қол жеткіздік. Біз мінез бен жеңіске деген жігеріміздің арқасында осындай оң нәтижеге қол жеткіздік. Команда соңына дейін күресті, бұған дәлел – ойынның соңғы минуттарында салған жеңісті голымыз.