«Ақсудың» 15 жастағы жартылай қорғаушы Тамерлан Ағыманов Қазақстан чемпионатында дебюттік ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ағыманов 2006 жылы 16 тамызда дүниеге келген, 15 жаста.

Ол Қазақстан чемпионатының 10-туры аясында «Тобылға» қарсы матчқа қосалқы құраммен шықты.

Осылайша ол футболдан Қазақстан чемпионаты тарихында алаңға шыққан ең жас ойыншы атанды.