Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Римде (Италия) өтіп жатқан WTA турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол іріктеудің 1/2 финалында Австралия өкілі Сторм Сандерстен басым түсті.

Кездесу 6:1, 6:1 есебімен аяқталды.

Матчтың ұзақтығы 53 минутты құрады.