7 мамырда Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе қаласында баскетболдан ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық кезең матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де «Астана» мен «Барсы Атырау» арасындағы финалдық текетірестің екінші кездесуі басталады. Сериядағы алғашқы ойында астаналықтар жеңіске жеткен. Есеп – 77:51.

19:00-де «Ақтөбе» мен қостанайлық «Тобыл» арасында қола жүлде үшін кездесудің екінші матчы өтеді.

Фото nbf.kz