Arlan MMA Pro Team намысын қорғайтын қазақстандық файтер Қайрат Ахметов Instagram парақшасында қызықты жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұйыртса жақсы жаңалық болайын деп тұр. Арасын созбай жақын арада хабарын беремін», - деп жазды спортшы.

Ахметов желтоқсан айында Сингапурде өткен кейінгі жекпе-жегінде филиппиндік Дэнни Кингандты жеңген болатын, бұған дейін ол ONE FC чемпиондық титулын иеленген болатын.