Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, ҚПЛ-дың екі матчы күдікке ілікті: 9-тур аясындағы «Ақтөбе» - «Ақжайық» ойыны және 7-турдағы «Ақжайық» - «Ақсу» матчы.

Бұл ойындардың нәтижесі алдын ала белгіленді деуге елеулі себептер бар, басқаша айтқанда, бұл – «келісілген матч».

Қазір айғақтар жиналып, мәліметтер зерттеліп, куәгерлер жауап беріп жатыр. ҚФФ-дағы сенімді дереккөздің Prosports.kz тілшісіне хабарлауынша, «мұның бәрін дәлелдеу қиын, бірақ тексеруге негіз бар болғандықтан, іс қозғалды».

Екі жағдайда да оралдық команданың аты аталып отыр. «Ақжайық» пен «Ақсу» кездесуі басталғанға дейін-ақ оның нәтижесі келісілгені туралы әңгіме болған. Енді «Ақтөбе» бас бапкерінің міндетін атқарушы Петр Бадло жақын арада федерацияға шақырылып, «Ақжайықпен» кездесу жайлы түсініктеме береді.