4 мамырда Талдықорған мен Қызылорда қалаларында футболдан Қазақстан кубогының бастапқы кезеңінің үшінші турының матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы текетірестердің қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатының жоғарғы дивизионынан 14 команда тікелей өткен топтық кезеңге екі жолдама иегерлері анықталады.

Бастапқы кезеңнің шешуші матчтарының тікелей трансляциясын Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы көрсетеді (басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен).

15:00. Жетісу (Талдықорған) - Жеңіс (Нұр-Сұлтан)

18:00. «Қайсар» (Қызылорда) - «Ясы» (Түркістан)