«Хоккейная Правда» телеграм-арнасы «Авангард» әлеуметтік желілерінде Омбы командасына жаңадан келуі мүмкін ойыншыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Instagram желісіндегі Авангардтың парақшасында қызықты жазылушы пайда болды.

Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы Никита Михайлис бүгін avangard_inside парақшасына жазылды,

Үш күн бұрын Михаилис «Барыс» командасынан біліктілік ұсынысын алды, бірақ оны қабылдамады... Бұл оқиғаның жалғасын күтіп жүрміз бе?», - деп жазады ресурс.

Еске сала кетейік, ҚХЛ-дағы бүкіл маусымда Михаилис 52 матч өткізіп, 19 гол соғып, 27 нәтижелі пас беріп, команданың үздік бомбардирі атанды.