Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарына іріктеу турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрлықтық додаға жолдама Тайландта 5-15 мамыр аралығында өтетін бәсекеде сарапқа салынады.

Қазақстан құрамасы «А» тобында Оман, Тайланд, Гонконг және Өзбекстан құрамаларымен бірге бақ сынайды.

Ал «В» тобына Бангладеш, Шри-Ланка, Индонезия және Сингапур құрамалары түскен. команды Бангладеш, Шри-Ланки, Индонезии и Сингапура.

Айта кетерлігі, Азия ойындарының жолдамасы үздік танылған алғашқы алты командаға үлестіріледі.