Футболдан Қазақстан чемпионатының 9-туры аясында «Ақтөбе» - «Ақжайық» матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтөбелік команда өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, оралдық команда алдымен есеп ашып, бірінші таймды өз еншісіне жазған. Бірақ ойынның екінші бөлігінде алаң иелері қатарынан екі гол соғып, үш ұпайға ие болды.

ҚПЛ. 9-тур

«Ақтөбе» – «Ақжайық» – 2:1

Гол соққандар: Адукор Йоахим '49 Сердеров Сердер '73 Өміртаев Оралхан '10

«Ақтөбе»: Саша Стаменкович (Қ) – Дмитрий Шомко, Йоахим Адукор, Темірлан Ерланов, Әлібек Қасым, Әділхан Таңжарықов (К) – Арман Кеңесов, Рамазан Оразов – Сердер Сердеров, Рожерио Шина, Максим Самородов.

«Ақжайық»: Степан Сикач (Қ) – Бауыржан Омаров, Милош Стаменкович, Сергей Шустиков (К), Мирам Сапанов, Эльдар Абдрахманов – Рафаэль Сабино, Максим Каленчук – Ардак Сәулет, Лука Имнадзе, Оралхан Өміртаев.