Astana Qazaqstan Team велокомандасы «Джиро д’Италия»-2022 жарысына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

105-мәрте өткелі отырған көпкүндік веложарыс 6 мамырда Будапештте басталып, 29 мамырда Веронада аяқталады.

Қазақстандық команданың құрамы: Винченцо Нибали, Мигель Анхель Лопес, Фабио Феллине, Вадим Пронский, Харольд Техада, Джо Домброски, Давид Де Ла Крус, Валерио Конти.

Айта кетейік, 37 жастағы шабандоз Нибали италиялық Гранд-турда екі рет (2013 және 2016) жеңіске жеткен болатын.