Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Остравада (Чехия) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің іріктеу кезеңінде үшінші айналымға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз чехиялық Лукаш Росолдан жеңілді.

Бір сағат 47 минутқа созылған кездесу 7:5, 2:6, 4:6 есебімен аяқталды.