Мексикалық боксшы Сауль Альварес әлеуметтік желіде жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Биволмен жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Бір қызығы, «Канело» жариялаған видеода оның қазақ боксшысы Айдос Ербосынұлымен спарринг өткізген сәті көрсетілген.

Ербосынұлы Suleimen Promotions компаниясының құрамында Сан-Диегода Альвареспен спарринг өткізген еді.

Айта кетейік, «Канело» — Бивол жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да 7 мамыр күні (Қазақстан уақытымен 8 мамыр таңертең) өтеді.