«Ордабасы» бас бапкері Александр Седнев футболдан Қазақстан чемпионатының 9-турындағы «Атырауға» қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл ойындарға қандай пікір білдірерімді білмеймін. Жанкүйерлердің тек ойын есебіне көңілдері толған шығар, себебі үзілістер, доптардан қайта-қайта айырылу жалықтырады. Мұндай ойындарды ойнау қиын, олар қызығушылықты арттырмайды. Екі бірдей қателік жіберіп, екі гол өткіздік. Алаңда одан басқа қызық болмады, толассыз күрестер мен жүгіру. Ойынды болжау қиын, маған командамның қалай ойнайтыны маңызды. Қайталап айтамын матчтың темпі өте ақырын болды, оған үзілістер кінәлі деп ойлаймын. Маған алаңға сырқат ойыншылар шыққан секілді көрінді, біреуінің сіңірі тартылып, екіншісі допты қанша іздесе де таба алмай жатты. Қандай қызықты жайлы айтуға болады? Мұнда ешбір ерекшелік жоқ», - деді бапкер.

Еске салайық, матч 1:2 есебімен «Атырау» ФК пайдасына аяқталды.