Испаниялық «Барселона» финалда португалиялық «Спортингті» жеңіп, футзалдан Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар қатарында гол соққан Серхио Лозано, Пито, Феррао және Дидак Плана болды.

«Барселона» үшін бұл тарихтағы төртінші жүлде болды. Соңғы рет олар 2020 жылы жеңіске жеткен.

Бұл көрсеткіш бойынша рекорд УЕФА Кубогында/Чемпиондар лигасында бес жеңіске жеткен тағы бір испандық «Интер» клубына тиесілі.