Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жекелей сында Остравада (Чехия) Челленджер сериясы турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу аясында оған чехиялық Лукаш Велик қарсы ойнады. Кездесу 6:3, 6:1 есебімен аяқталды.

Ойын 58 минутқа созылды.

Келесі матчта қазақстандық теннисші чех спортшысы Лукас Росолмен кездеседі.