1 мамырда футболдан Қазақстан чемпионатының 9-туры аясында Нұр-Сұлтан мен Атырауда екі матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де елордадағы «Астана Арена» алаңына «Астана» мен түркістандық «Тұран» кездеседі.

«Астана» - «Тұран» матчының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы жүргізеді.

Ал Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18:00-де «Атырау» мен «Ордабасы» кездесуі өтеді.