Юлия Путинцева Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 Madrid Open турнирінің 1/8 финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда қазақстандық теннисші әлемнің 16-ракеткасы америкалық Кори Гауффтан үш сетте ұтылды - 1:6, 6:2, 4:6.

Теннисшілер кордта 2 сағат 21 минут уақыт өткізді.