Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мадридте (Испания) өтіп жатқан турнирдің жұптық бәсекесінде алғашқы айналымнан аса алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина ресейлік Людмила Самсоновамен бірге М.Боузкова (Чехия)/Т.Зиданшек (Словения) жұбынан жеңілді.

Айта кетейік, 1 сағат 23 минутқа созылған кездесу 6:3, 4:6, 6:10 есебімен аяқталды.