Ресей футбол Одағының құрметті президенті Вячеслав Колосков Қазақстан мен Беларусь клубтарының чемпионатқа қосылуы жайлы пікірін айтты.

— Мен бұған бұрыннан қарсымын. Өз жұмысыңды істеу керек: клуб, мектеп, академия дегендей. Бұл клубтар бізге не береді? Имидж не престиж бере ме? Бәсекелес бола ма?

Бүкіл жұмыстың астан-кестенін шығарғаннан басқа ештеңе болмайды. Өйткені олардың қаржыландыруы да, жарысты өткізуі де, адамдардың психологиясы да әртүрлі, - деді ол.