Бүгін Семей қаласында (Қазақстан) әйелдер командалары арасында волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионаты аясында «Қуаныш» және «Барис Эссенс» клубтары арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Петропавлдық клуб 3:0 есебімен құрғақ жеңіске жетіп, 30 сәуірде өтетін Азия чемпионатының финалына шықты.

Еске салайық, бұған дейін «Қуаныш» Өзбекстанның «DGPI» клубын 25:4, 25:6, 25:8 есебімен жеңген болатын.