Финляндиялық «Rovaniemen Kiekko» шабуылшысы Батырлан Мұратов Қазақстан құрамасы сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі kazakhstanhockey сайтына сілтеме жасап.

Форвард өткен маусымда Финляндия екінші лигасында ойнады. Тұрақты чемпионатта 49 матч өткізіп, 51 (19+32) ұпай, плей-офф кезеңінде 10 ойынға қатысып, 6 (2+4) ұпай жинаған.

Мұратов өз командасының үздік сұрмергені саналады.