Ресейлік бапкер Магомед Адиев таяу арада мамырдағы демалыстар кезінде үйіне қайтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Meta-ratings.kz журналисі Ербол Қаировтың мәліметінше, ол Қазақстанға оралған соң ҚФФ оны Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде ресми түрде таныстырады.

Ол келесі аптаның соңына дейін тағайындалады.

Бұған дейін Магомед Адиев қарағандылық «Шахтерден» кететіні хабарланған. Ресейде Адиев «Ахмат», «Анжи» мен «Чайка» командаларын жаттықтырған.