Бүгін Қазақстан U-16 құрамасы УЕФА Даму кубогы аясындағы екінші ойынын өткізеді.

Қарсыласымыз – алаң иелері Эстония құрамасы. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де басталады. Еске сала кетейік, турнирдің алғашқы ойынында Александра Кузнецовтың шәкірттері Жаңа Каледония командасын 6:0 есебімен жеңді.