Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан киберспорт федерациясы халықаралық киберспорт аренасында ел намысын қорғайтын спортшыларды анықтап, олардың есімдерін жариялайды.

Іріктеу жеңімпаздары: Ақназар "aka_nolito" Бексейітов, Абылайхан "abodykz" Абдықадыр және Олжас "ZhasikFIFA09" Есентаев (қосалқы құрам).

Жеребе қорытындысы бойынша біздің команда Таяу Шығыс және Африка аймағындағы FIFAe Nations Online Qualifier «A» тобына енгенін хабарлаймыз:

Қазақстан

Қатар

БАӘ

Грузия

Бахрейн

Марокко

Іріктеу кезеңін ФИФА қолдауымен Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан киберспорт федерациясы бірлесіп өткізді.