Баскетболдан ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының жартылай финалы аясында «Астана» мен «Барсы Атырау» екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» баскетболшылары қостанайлық «Тобылмен» өткен екінші ойында 101:60 есебімен жеңіске жетті.

«Астана» (Нұр-Сұлтан) – «Тобыл» (Қостанай) 101:60 (28:17, 28:13, 21:22, 24:8)Сериядағы есеп: 2:0

«Барсы Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы екінші ойын 70:64 есебімен аяқталды.

«Барсы Атырау» (Атырау) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 70:64 (17:22, 22:16, 14:14, 17:12)Сериядағы есеп: 2:0

Фото nbf.kz